• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Қазан, 2016

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығы  №394 

451 рет
көрсетілді

  2015 жылғы 24 сәуір, Астана қаласы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған: 1) «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес; 2) «Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес; 3) «Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу (есептік тіркеу)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркегеннен кейін күнтiзбелiк он күн iшiнде оны мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Қ.ҚАСЫМОВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі _______________ Ә. Исекешев 2015 жылғы 8 мамыр «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _______________ Е. Досаев 2015 жылғы 12 мамыр Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі №394 бұйрығына 1-қосымша «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі – қызмет беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беруді: 1) қызмет беруші кеңсе арқылы; 2) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz. веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні; Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді. 2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут; 3) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуінің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – өрттердің алдын алу және оларды сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен расталады. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түрінде жолданады. 7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. 8. Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті берушіде - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру, сағат 13.00-ден бастап сағат 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден сағат 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. 2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады). 9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: қызмет берушіге: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес қағаз құжат нысанындағы өтініш; 2) өрт сөндіру автомобильдерінің міндетті техникалық байқаудан өтуі туралы куәліктің көшірмелері; 3) өрт сөндіру автомобильдерінің өрттерді сөндіруге әзірлігін техникалық байқау актілері; 4) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің ұйымдастыру-штаттық құрылымы; 5) қызметкерлерді тағайындау туралы бұйрықтардан үзінді көшірме; 6) мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі немесе мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтегі еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі; 7) мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің дипломдары мен білім туралы аттестаттардың көшірмелері; 8) мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің лауазым санатына байланысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарында арнайы даярлаудан (қайта даярлаудан) өткенін және біліктілігін растайтын сертификаттар мен куәліктердің көшірмелері; 9) қызметкерлердің мемлекеттік емес өртке қарсы қызметте жұмыс істеуге жарамдылығын растайтын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген 086/У нысанындағы медициналық анықтамалардың көшірмелері, қызметкерлердің психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден анықтамалардың көшірмелері; 10) қызметкерлерді, өрт сөндіру-құтқару техникасын, жабдық пен жарақты орналастыру үшін ғимараттың немесе үй-жайдың бар екенін растайтын құжаттардың көшірмелері. порталға: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш; 2) өрт сөндіру автомобильдерінің міндетті техникалық байқаудан өтуі туралы куәліктің электрондық көшірмелері; 3) өрт сөндіру автомобильдерінің өрттерді сөндіруге дайындығын техникалық байқау актілерінің электрондық көшірмелері; 4) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің ұйымдастыру-штаттық құрылымының электрондық көшірмесі; 5) қызметкерлерді тағайындау туралы бұйрықтардан үзінділердің электрондық көшірмелері; 6) мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі немесе мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтегі еңбек қызметін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері; 7) мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің дипломдары мен білім туралы аттестаттардың электрондық көшірмелері; 8) мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің лауазым санатына байланысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарында арнайы даярлаудан (қайта даярлаудан) өткенін және біліктілігін растайтын сертификаттар мен куәліктердің электрондық көшірмелері; 9) қызметкерлердің мемлекеттік емес өртке қарсы қызметте жұмыс істеуге жарамдылығын растайтын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген 086/У нысанындағы медициналық анықтамалардың көшірмелері, қызметкерлердің психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден анықтамалардың электрондық көшірмелері; 10) қызметкерлерді, өрт сөндіру-құтқару техникасын, жабдық пен жарақты орналастыру үшін ғимараттың немесе үй-жайдың болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді, көлік құралдары мен ғимараттың немесе үй-жайдың бар-жоғын растайтын құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде: 1) көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не почта байланысы арқылы) - өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады; 2) портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күн көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 10. Қызмет берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша қызмет берушінің басшысының атына немесе 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1 мекенжайы бойынша Министрліктің басшысының атына жіберіледі. Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңселері арқылы қолма-қол тапсырылады. Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады. Шағым портал арқылы жіберілген кезде қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады. Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қолын қояды. Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. 11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге талаптар 12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орынның мекенжайы мынадай интернет-ресурстарда орналасқан: 1) көрсетілетін қызметті берушінің - www.emer.kz; 2) Министрліктің - www.mvd.kz, «ҚР ІІМ құрылымдық бөліністері» баннері, «Байланыстар» кіші бөлімі. 13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкіндігі бар. 14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі жөніндегі ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. 15. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің байланыс телефоны: 8 (7172) 60-21-33, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефоны: 1414. «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша Нысан Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы ____________________ Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті аттестаттау және қайта аттестаттау туралы өтініш Сізден қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін қарауды және _____________________________________________________________________________________________ (МӨҚҚ ататуы) _____________________________________________________________________________________________ (өртке қарсы қызмет түрі) ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерінде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат беруіңізді сұраймын. МӨҚҚ орналасқан жері: __________________________________________ Көлік құралдарын тіркеу туралы мәлімет: Мемлекеттік нөмір белгісі (тіркеу нөмірі): _____________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ Техникалық паспортының сериясы және нөмірі: _____________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ Қызметкерлерді, өрт сөндіру-құтқару техникасын, жабдық пен жарақты (көрсетілетін қызметті алушының теңгерімінде болған жағдайда) орналастыру үшін ғимараттың немесе үй-жайдың бар екені туралы мәлімет: Жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі: _____________________________________________________________________________________________ Көрсетілетін қызметті алушы __________________________ (Т.А.Ә. болған жағдайда, қолы) __________________ (күні) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі №394 бұйрығына 2-қосымша «Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Комитет) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік Төтенше жағдайлар комитетінің облыстар, Астана мен Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні; 2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут; 3) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуінің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына куәлік. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде. 7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. 8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден бастап сағат 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден сағат 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі. 9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш; 2) жарғы көшірмесі; 3) авариялық-құтқару қызметінің және құралымының ұйымдық-штаттық құрылымы; 4) «Жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы куәлік бланкілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 874 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10064 2015 жылғы 6 қаңтарда тіркелген) бекітілген нысаны бойынша жедел және арнайы көліктің және жабдықтың болуы туралы құжаттар көшірмелері; 5) оқу-материалдық база туралы ақпараттың (арнайы сыныптардың болуы, оларды жарақтандыру, оқу қалашығының схемасы, оларды орналастыру орындары); 6) қызметкерлерді тағайындау туралы бұйрықтардан үзінді; 7) қызметкерлердің авариялық-құтқару қызметінде және құралымдарында жұмыс істеуге жарамдылығын растайтын «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 2010 жылғы 21 желтоқсанда тіркелген) бекітілген 086/у нысанындағы медициналық анықтамалар, психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден анықтамалар негізінде жүргізеді. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 10. Қызмет берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша қызмет берушінің басшысының атына немесе 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 2 кіреберіс мекенжайы бойынша Комитет басшысының атына жіберіледі. Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Комитеттің кеңселері арқылы қолма-қол тапсырылады. Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Комитеттің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қолын қояды. Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Комитеттің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. 11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге талаптар 12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орынның мекенжайы мынадай интернет-ресурстарда орналасқан: 1) көрсетілетін қызметті берушінің 2) Комитеттің: www.emer.kz, «Комитет» бөлімі, «Комитет туралы» бөлімі, «Аумақтық бөліністер» бөлімі, «Байланыстар» айдары. 3) Министрліктің: www.mvd.kz, «ҚР ІІМ құрылымдық бөліністері» баннері, «Төтенше жағдайлар комитеті» бөлімі, «Комитет» бөлімі, «Комитет туралы» бөлімі, «Аумақтық бөліністер» бөлімі, «Байланыстар» айдары. 13. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің байланыс телефоны көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің және Министрліктің интернет-ресурстарында орналасқан. «Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Төтенше жағдайлар департаменті (облыс немесе республикалық маңызы бар қала көрсетіледі) басшысы (бастығы) _________________ мырзаға Аттестаттау өткізуге өтініш _______________________________________________________________________________________________ (ұйымның атауы) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Сізден қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін қарап, авариялық-құтқару жұмыстарды жүргізу құқығына куәлік алу үшін _______________________________________________________________________________________________ (ұйымның атауы) аттестаттау өткізу сұрайды. Қосымшалар: 1) қызмет көрсетілетін объектінің жоспарының көшірмелері; 2) ықтимал қауіпті объектілердің, аумақтардың және оларда болжанған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың негізгі сипаттарының көшірмелері; 3) өрт сөндіру автомобильдерінің өрттерді сөндіруге дайындығын техникалық байқау актілерінің көшірмелері; 4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша жүргізетін жұмыс түрлерінің тізбесінің көшірмесі; 5) жарғының көшірмесі; 6) ұйымдық-штаттық құрылымының электрондық көшірмесі; 7) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарға тікелей тартылатын құтқарушылардың жеке куәлігі мен кітапшаларының көшірмесі; 8) жедел көліктің, арнайы техниканың және жабдықтың болуы туралы құжаттардың көшірмелері; 9) оқу-материалдық база туралы мәліметтердің (арнайы сыныптардың болуы, оларды жарақтандыру, оқу қалашығының схемасы, оларды орналастыру орындары) көшірмелері. ___________________________________ _________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының лауазымы) (көрсетілетін қызметті алушының қолы) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі №394 бұйрығына 3-қосымша «Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу (есептік тіркеу)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу (есептік тіркеу)» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Комитет) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік Төтенше жағдайлар комитетінің облыстар, Астана мен Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні; 2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут; 3) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуінің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде. 7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. 8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден бастап сағат 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден сағат 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі. 9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес қағаз құжат нысанындағы өтініш; 2) авариялық-құтқару жұмыстарының белгіленген түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына куәліктің электрондық көшірмесі. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 10. Қызмет берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша қызмет берушінің басшысының атына немесе 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 2 кіреберіс мекенжайы бойынша Комитет басшысының атына жіберіледі. Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Комитеттің кеңселері арқылы қолма-қол тапсырылады. Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Комитеттің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қолын қояды. Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Комитеттің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. 11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге талаптар 12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орынның мекенжайы мынадай интернет-ресурстарда орналасқан: 1) көрсетілетін қызметті берушінің 2) Комитеттің: www.emer.kz, «Комитет» бөлімі, «Комитет туралы» бөлімі, «Аумақтық бөліністер» бөлімі, «Байланыстар» айдары. 3) Министрліктің: www.mvd.kz, «ҚР ІІМ құрылымдық бөліністері» баннері, «Төтенше жағдайлар комитеті» бөлімі, «Комитет» бөлімі, «Комитет туралы» бөлімі, «Аумақтық бөліністер» бөлімі, «Байланыстар» айдары. 13. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің байланыс телефоны көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің және Министрліктің интернет-ресурстарында орналасқан. «Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу (есептік тіркеу)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Төтенше жағдайлар департаменті (облыс немесе республикалық маңызы бар қала көрсетіледі) басшысы (бастығы) __________________ мырзаға Өтініш Авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдарын тіркеуге (есептік тіркеу) _______________________________________________________________________________________________ (ұйымның атауы) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 33) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Сізден авариялық-құтқару қызметін (құрылымын) ________________________________________________________________________________ (ұйымның атауы) тіркеуді сұрайды. Қосымша авариялық-құтқару жұмыстарының белгіленген түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына куәліктің көшірмесі. ___________________________________ _________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының лауазымы) (көрсетілетін қызметті алушының қолы) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11308 болып енгізілді.